қазақша · русский · english
 
 
 
26.02.2016

25.02.2016 жылы жаратылыстану және география институтының биология мамандығының 2 курс студенттері және жалпы университеттік педагогика кафедрасының ұжымдарымен бірге ұйымдастырылған поэзия алыбы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты еске алу кеші өтті. Кешті жаратылыстану және география институтының директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлы ашып берді. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен көпшіліктің махаббатына бөленген ақынның өмір-баянына дайындалған слайдпен басталып, ақынның ғажайып сырлы өлеңдері оқылды. Ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, домбыраның сыңғыры, қобыздың үні тартылды. Мың бұралған бишілер де тамсандыра өнерлерін көрсетті. Ақынның өмірінен және оның поэмасынан үзінділер келтірілді және студенттердің өз шығармашылығынан ақынға арнаған жырлар төгілді. Мұқағали поэзиясы -маңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Шығармашылығы арқылы оқырманның жүрегіне жол таба білген жанға арналған осынау кеш көпшілікке ерекше сезім сыйлағаны сөзсіз.

  

 

Жаңбыр Мақпал

2 курс Биология мамандығының студенті




Кері оралу