қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2020

Кафедраның онлайн режиміндегі отырысы


2020 жылдың 22 сәуірі күні Жаратылыстану және география институтының география, экология және туризм кафедрасы онлайн режимде meet.google.com (https://meet.google.com/vdk-zvku-csb) қосымшасы арқылы кафедраның отырысын өткізді.

 

Отырыста онлайн режимінде оқыту мәселелері, атап айтқанда: сабақтың сапасы, алдағы аралық бақылау, практика, сессиялар, мемлекеттік емтихандар, дипломдар мен магистрлік жұмыстарды қорғау, сонымен қатар бірқатар қосымша сұрақтар қарастырылды.

 

Жалпы, қашықтан онлайн режимдегі жұмыс көрсетілген оқу жоспарына сәйкес сапалы түрде жүзеге асырылып жатыр және ары қарай да солай болатынына сенімдіміз.

 

   

 

   




Кері оралу