қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2020

Қашықтан оқыту - замануи білім беру форматы

 

2020 жылдың 28 сәуірі күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты география, экология және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен «Қашықтан оқыту - замануи білім беру форматы» тақырыбында вебинар өтті.

 

Вебинардың мақсаты - онлайн режимінде сабақтар өткізудің әртүрлі әдістерімен бөлісу және тәжірибе алмасу.

 

Вебинар модераторы - география, экология және туризм кафедрасының доценті Жанна Тилекова. Вебинарда алғы сөз сөйлегенинститут директоры Куляш Каймулдинова.

 

Баяндама жасағандар: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Қуат Сапаров; ҚазҰҚызПУ география және туризм кафедрасының меңгерушісі Шахислам Лайсханов; МКҚК оқушылар сарайы, «Тау туризм» үйірмесінің педагогы Дархан Абуов және Абай атындағы ҚазҰПУ география, экология және туризм кафедрасының профессор- оқытушылары: Надежда Ивлева, Бахадур Абдиманапов, Дина Боранкулова, Думан Алиаскаров және Жанар Қалдыбаева.

 

Вебинарда келесідей тақырыптар талқыланды: палеотопонимдердің картографиядағы рөлі, қашықтан оқыту жағдайында геоақпараттық ресурстарды пайдаланудың жолдары, білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру, «Тау туризм» үйірмесіндегі практикалық сабақтарды қашықтан оқыту, «Картография» пәнін онлайн оқытуда Web-картографиялық сервистерді тиімді пайдалану, «Атмосфераның экологиялық мәселелері» тақырыбын қашықтан оқыту технологиясы.

 

Вебинарға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ; ҚазҰҚызПУ, Абай атындағы ҚазҰПУ университеттерінің профессор оқытушылары қатысып, қазіргі кезде география, экология және туризм мамандықтарында қашықтан оқытудың тиімді жолдарын талқылап, ой пікірлерімен бөлісті.

 

Конференцияның барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және бұл қозғалған тақырыптар одан әрі дамиды деп сенеміз.

 

   

 

   




Кері оралу