қазақша · русский · english
 
 
 
18.05.2020

«Талапкер​ - 2020»​ республикалық онлайн-форумы

2020 жылдың 14 мамыр күні​ Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімі​ мектеп​ бітіруші түлектерге​ кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын іске асыру мақсатында​ «Талапкер - 2020»​ республикалық онлайн-форум​ өткізді.

 

Ұйымдастырушылар -​ көлденең циклді басқару құрылымының маркетинг бөлімінің қызметкерлері​ Ерлан Бірталаев, Жанар Жақсибаева, Нұрсұлтан Бақанов, Маржан Башенова.

 

Форумға​ Абай университетінің кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, облыстық, аудандық және қалалық Білім департаментінің басшылары мен өкілдері, мектеп директорлары, мұғалімдер мен бітіруші түлектер (Шымкент қаласы, Жамбыл облысының Сарысу, Жамбыл, Шу аудандары, Алматы облысының Ұйғыр, Шелек аудандары) қатысты.

 

Кіріспе сөз​ университеттің​ оқу ісі жөніндегі проректоры​ Асан Сатмырзаевқа​ берілді.​ Жаратылыстану және география институтының директоры​ Күләш Каймулдинова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Лязат Демеуова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов,​ х.ғ.к. Жанар Жақсибаева,​ PhD докторант Маржан Башенова​ презентация дайындап,​ оқу орны туралы,​ оқу гранттары мен шәкіртақы, әлеуметтік жеңілдіктер бойынша​ ​ толық ақпарат берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу