қазақша · русский · english
 
 
 
18.05.2020

«Батыр туса ел ырысы» вебинары


2020 жылы 16 мамырда Жаратылыстану және география институтының жылдық тәрбие жоспарына сәйкес «Батыр туса ел ырысы» вебинары өткізілді.


Іс- шараның негізгі мақсаты - жастарға патриоттық тәлім тәрбие беру. Отанға сүйспеншілік, еңбекке, білімге шақыру.


Вебинарға география, экология және туризм кафедрасының аға оқытушы​ Ардақ Алдашева, туризм​ мамандығының студенттері және​ директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов қатысты.​ ​

Бауыржан Момышұлы - Кеңес Одағының батыры, жазушы. ​ 1941 жылдың​ 16-18 қараша күндері​ вермахтың​ Мәскеу​ бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино ауылының жанында​ Волоколамск тасжолында​ асқан ерлік көрсетті.​ 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді.​ «Айтыс», «За нами Москва», «Путевые очерки» және т.б. кітаптарының авторы.

 

   

 

   




Кері оралу