қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2016

 

Наурыз - Ұлыстың ұлы күні

Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтында 11 сәуір 2016 жылы Наурыз мейрамы университет ректоры, академик С.Ж.Пірәлиевтің бекітіліп берілген жопарына сәйкес аталып өтті. Наурыз мейрамына институттың студенттері, магистранттары және профессор-оқытушылары қатысты. Мереке №1оқу ғимаратының 224 үлкен дәріс залында өтті.Құрметті қонақтар шақырылды. Мерекелік концертті институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Н.Т., тәрбие жетекші оқытушы Қаражанова Д.Ә., химия кафедрасының студенттері мен студенттік директораттың мүшелері ұйымдастырды. Наурыз мейрамын өзінің ақ тілегін айта отырып, университеттің бірінші проректры, профессор М.Е.Ермағанбетов ашып берді. Институт директоры, профессор К.Д.Каймулдинова келген қонақтарға алғыс білдіріп, Наурыз мейрамымен құттықтады.
Наурыз мерекесінде қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Театрландырылған көріністер көрсетілді. Бұл іске студентер де, магистранттар да, профессор-оқытушылар да қатысып, оның тәрбиелік мәніне назар аударды.
Наурыз мерекесіне тән - көпшілікке наурыз көже даярланады. Барлығы наурыз көжеден дәмауыз тиді.

Жаратылыстану және география институты




Кері оралу