қазақша · русский · english
 
 
 
07.10.2020

«Жаратылыстану» онлайн-курсы

 

2020 жылдың 22 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында жаратылыстану және география институтында «Жаратылыстану» онлайн-курсы өтті. Курс ZOOM, Meet бағдарламасы бойынша өтті. Онлайн курсқа Маңғыстау, ШҚО, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы қалаларынан республикалық мектеп мұғалімдері, курс лекторлары қатысты.

 

Іс-шараны Институт директоры Каймулдинова К.Д. және дәріскер Абдиманапов Б. Ш. кіріспе сөзімен ашты. Курс қатысушыларына курстан өту туралы түсіндірме ақпарат, курс кестесі, бағдарлама ұсынылды, сондай-ақ 2 апта бойы курс дәріскерлері «Жаратылыстану» курсының мазмұны бойынша материалдарды оқыды. Курс барысында қатысушылар курстың қызықты сәттері бойынша сұрақтарына жауап алды. Курс соңында қатысушылар сертификаттар алды.

 

   

 

   




Кері оралу