қазақша · русский · english
 
 
 
20.10.2020

«Менің таңдауым- ҚазҰПУ» 1 курс студенттерін студенттік қатарға қабылдау мерекелік кеші


2020 жылдың 19 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институтының студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен, онлайн форматта «Менің таңдауым- ҚазҰПУ» 1 курс студенттерін студенттік қатарға қабылдау мерекелік кеші өтті. Мерекелік іс-шараны Жаратылыстану және география институтының директоры, профессор Куляш Дүйсенбайқызы Каймулдиноваға ашты. Кеш қонақтары Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Мақсат Дөңесұлы Жақауов, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті директорының орынбасары Қазына Асанқызы Бекбенбетова; аға оқытушы, 2020/2021 оқу жылында институт бойынша қабылдау комиссиясының аға хатшысы Жанар Мұратқызы Жақсыбаева, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Дидарбек Жұмағалиұлы Ділдәбек барша 1 курс студенттерін құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, 2018-2019 жылдары Нұрдеканаттың деканы болған, Студенттік ректораттың алғашқы ректоры, қазіргі уақытта магистрант Нұрсая Амангелдіқыз Базарбаеваға сөз кезегі берілді. Оқу үрдісінің қашықтықтан болуына байланысты студенттерді институттағы өмірмен, жатақхана қызықтарымен, Нұрдеканат студенттік өзін-өзі басқару ұйымымен таныстыру мақсатында бейне-роликтер көрсетіліп өтті. Барша 1 курс студенттерінің атынан география мамандығының студенті Батыр Аружан ант қабылдап, білім кілтін қабыл алды. 1 курс студенттерінің арасынан белсенділік танытқан Ибрашова Аделина, Қуанышбекова Айсель, Өтемұрат Айдана мың бұралып би билеп, ән шырқап, өлең оқыды. Кеш барысында институт директоры Куляш Дүйсенбаева 1 курс студенттерінің арасынан белсенді жастарды алғыс хатпен марапаттады. Іс-шарада 2 курс Химия-биология мамандығының студенті Адилова Хадича да өлең жолдарын оқыды. Кешті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Тұрсынбекұлы Манапов қорытындылап, ұйымдастырушыларға өзінің алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу