қазақша · русский · english
 
 
 
18.11.2020

Халақаралық студенттер күніне орай

«Қызықты көңіл, студенттік өмір» ашық тәрбие сағаты

 

2020 жылдың 17 қарашасында Абай университеті Жаратылыстану және география институтының 1 курс биотехнология мамандығының студенттері мен топ тәрбие жетешісі Алтынай Төлегеннің ұйымдастыруымен Zoom платформасында қашықтан «Қызықты көңіл, студенттік өмір» ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шарға институттың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов, студенттер ұйымының төрайымы Сымбат Саяқбаева, профессор-оқытушылар және студенттер қатысты.

 

Мереке шымылдығы студенттердің ана тілі қазақ және шет тілдері яғни, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде құттықтау сөздерімен ашылды. Студент Сұлтан Утешбаев Халықаралық студенттер күнінің шығу тарихымен таныстырды және Айгерім Қайратова әртүрлі елдердің студенттеріне қатысты қызықты ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, жүрекжарды өлең шумақтары айтылып, онлайн оқудың қызықты сәттерінен видео көрсетілді және Ақнұр Ахметқалиеваның орындауында домбырада әсем күйлер шертілді, Дина Нұрпейісованың орындауында "Қыз Жібек" фильмінің әуендерінен жетіген аспабында үзінділер ойналды. Мереке барысында ұстаздар мен студенттер арасында әртүрлі жағдаяттарға байланысты сұрақтар талқыланып, ұстаздардың студенттік өмірінен қызықты сәттер, қызықты сұрақтарға ұтымды жауаптар алынды. Іс-шараның соңында Нұрлан Манапов пен топ тәрбие жетекшісі Алтынай Төлеген студенттерді айтулы мерекеге бйланысты тілектерін білдірді. Іс-шара жүргізушісі Дана Матебаева өз құрбы-құрдастарын шынайы студенттік өмірдің басталуымен құттықтап, студенттік өмірлеріне сәттілік тіледі. Болашақта дәстүрлі оқу үрдісіне көшіп, бұдан да керемет кештер жалғасын табады деген сенімдіміз!

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу