қазақша · русский · english
 
 
 
30.11.2020

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев күніне арналған тәрбие сағаты

 

2020 жылдың 27 қарашасында Абай университеті Жаратылыстану және география институтының «6В01512-Химия-Биология» мамандығының 1-ші курс 2-топ студенттері мен топ тәрбие жетешісі Арайлым Өтемісованың ұйымдастыруымен Zoom платформасында қашықтан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер, ел ертеңін ойлаған Елбасы» ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шарға институттың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов, профессор-оқытушылар және студенттер қатысты.

 

Мереке шымылдығы студенттердің топ тәрбие жетекшісінің құттықтау сөздерімен ашылды. Студент Дильназ Жанибек Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянын оқыды. Сонымен қатар, елбасына арналған жүрекжарды өлең шумақтары айтылып, қызмет жолынан видео көрсетілді және Нұрай Ерназардың орындауында домбырада әсем күйлер шертілді. Іс-шараның соңында Нұрлан Манапов ашық тәрбие сағатының мақсаттары нақ қойылғанын атап өтіп, студенттерге өмірлеріне өзін-өзі басқаруда сәттілік тіледі. Топ тәрбие жетекшісі Арайлым Өтемісова студенттерге айтылған айтулы мерекеге байланысты тілектерін білдірді. Іс-шара жүргізушісі Дильназ Жанибек өз құрбы-құрдастарын шынайы студенттік өмірдің басталуымен құттықтап, болашақта дәстүрлі оқу үрдісіне көшіп, бұдан да керемет кештер жалғасын табады деген сенімін білдірді. Іс-шарадан студенттердің түйгені өте көп болғанын байқалды. Студенттер тұңғыш Президенттің атқарған істерінен үлгі-өнеге алды.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу