қазақша · русский · english
 
 
 
15.12.2020

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» ашық сабағы

 

2020 жылдың 14 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты «6В01516-География-тарих» мамандығының 1-курс студенттері және топ эдвайзері Мөлдір Бахыттың ұйымдастыруымен Zoom платформасында қашықтықтан «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» мерекелік шара өтті. Іс-шарға институт директоры Куляш Каймулдинова, институттың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

 

Іс-шара шымылдығы еліміздің мемлекеттік әнұранымен ашылды. Мерекелік шараны жүргізген Салтанат Қызайбай мен Ақжол Жекен. Тәуелсіздік жолында құрбан болған батырларды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Іс-шара барысында топ студенттері өздері дайындаған бейнематериалдары арқылы сол бір ызғарлы желтоқсан оқиғасына шолу жасап өтті. Топ студенттері Арман Керімбай мен Гүлназ Төлеп Желтоқсан батырларына арналған көріністерін ұсынып, өз арнауларын оқыды. Қайрат Рұскұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сияқты біртуар азаматтардың өмірбаяндары таныстырылып, топ студенті Ақжол Жекеннің орындауындағы бостандықтың бастауына айналған Желтоқсан оқиғасына арналған күй көреремен назарына ұсынылды. Ашық тәрбие сағатында өлеңдер оқылып, студенттер желтоқсан көтерілісін өз көзімен көрген куәгерлерден алған сұхбаттарынан үзінді көрсетілді. Тәуелсіз Қазақстан тарихына шолу жасалып өтті. Іс-шараның соңында институттың директоры Куляш Каймулдинова мен институттың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов ашық сабақ барысында алған сезімдерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Профессор-оқытушылар құрамы мерекемен құттықтап, білімгерлерге тілектерін білдірді. Ашық сабақ терең мәнде, жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу