қазақша · русский · english
 
 
 
25.12.2020

«Талапкер-2020»: мектеп түлектерімен республикалық онлайн-форум

 

2020 жылдың 24 желтоқсан айында Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімі бітіруші түлектерімен «Талапкер - 2020» республикалық онлайн-форум өткізді. Ұйымдастырушылар - көлденең циклді басқару құрылымының маркетинг бөлімінің жауапты тұлғалары Ерлан Бірталаев, Айжан Сагимбаева, Альбина Бейкитова, Жанар Жақсибаева, Нұрсұлтан Бақанов.

 

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласының «Дарын» мектеп-интернаты, Б.Момышұлы атындағы гимназия мектебі, Қызылорда облысының Шиелі ауданының №150 орта мектебінің мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, мектеп мұғалімдері және бітіруші түлектері қатысты.

 

Форумда Абай университеті туралы бітіруші түлектерге толық ақпарат берілді. Презентациялық баяндама ретінде университеттің барлық білім беру бағдарламалары мен таңдалатын бейндік пәндері, талапкерлерге берілетін жеңілдіктер жайында толық мағлұмат берілсе, мектеп мұғалімдері үшін магистратура мен докторантураға тапсыру ережелері мен ерекшеліктері жайында егжей-тегжейлі түсіндіріліп өтті. Кездесу соңы сұрақ-жауап, пікір алмасу түрінде өтті.

 

   

 

   




Кері оралу