қазақша · русский · english
 
 
 
28.12.2020

Түлектердің сәттілік тарихы

 

2020 жылдың 25 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институтында өткен жылдардың бітіруші түлектерімен «Түлектердің сәттілік тарихы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Кездесуді институттың мансапты дамыту бөлімі ұйымдастырды.

 

Онлайн-кездесуге келесі түлектер шақырылды: Жамал Нұрлыбаева - Талдықорған қаласындағы К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп директоры, қалалық партия филиалының Саяси Кеңес мүшесі, Талдықорған қалалық мәслихат депутаты; Манас Тайкенов - Алматы қаласы №168 Қасыл Қатыкбаев атындағы мектеп-гимназия КММ директоры; Акжами Рахимова - «Алматы зоологиялық паркі» МКҚК дамыту және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы; Гүзел Бекбаева - «Platinum Travel Kazakhstan» туристік компаниясының директоры.

 

Шақырылған түлектер арасында кездесуге институттың оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты. Кездесуге қатысушылар мансаптық өсу жетістіктері, институттағы оқу шақтарын баяндап, оқытушыларын еске алды. Сұрақтарға жауап берді.

 

   




Кері оралу