қазақша · русский · english
 
 
 
20.01.2021

4-курс студенттеріне арналған педагогикалық практика бойынша онлайн-конференция


2021 жылдың 19 қаңтарында Жаратылыстану және география институтының «5В060700-Биология», «5В060600-Химия», «5В060900-География», «5В060800-Экология», «5В090200-Туризм» мамандықтарының 4 курс студенттері үшін өндірістік практикаға арналған онлайн-конференция өткізілді. Іс-шара Zoom платформасында өтті. Онлайн-конференцияға 4 курс студенттері, институттың мансапты дамыту бөлімі мүшелері, педпрактика жетекшілері қатысты. Конференцияда Гаухар Абдикаримова мен Гүлжанат Камиева сөз сөйледі. Студенттерге өндірістік практикадан өту туралы түсіндірме ақпараттар ұсынылды, сонымен қатар олар өндірістік практика жетекшілерімен таныстырылды. Талқылау барысында студенттер мен әдіскерлер институттың мансапты дамыту бөлімінің өкілдерінен өз сұрақтарына жауаптарын алды.

 

   




Кері оралу