қазақша · русский · english
 
 
 
03.02.2021

Меморандум аясындағы дөңгелек үстел

 

2021 жылдың 1 ақпанында Абай университеті Жаратылыстану және география институты және Шымкент қаласы, Леңгір ауданындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының меморандум аясында 2021/2022 оқу жылында атқарылатын іс-шараларды жоспарлап бекітуге арналған дөңгелек үстел өткізілді.

 

Бұл басқосуға университеттің координаторы және Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімінің жауапты тұлғасы Ерлан Бірталаев қатысты.

 

Кездесу барысында Абай университеті мен «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы арасындағы оқу, тәрбие, ғылым және халықаралық қатынастар бойынша перспективті жоспарлары талданып, бекітілді.

 

   

 

   




Кері оралу