қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2021

Еліміздің мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі


Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтында республика мектептері оқушыларының шығармашылық жұмыстарының онлайн-көрмесі өтті. Іс-шара жыл сайын сәуірдің бірінші жартысында атап өтілетін Халықаралық құстар күніне арналды, шығармашылық жұмыстарының бұл көрмесі өзінің асқан орындау шеберлігімен және фантазиясымен таң қалдырады.

 

Құстардың ұяларын жасау оқушылар үшін шығармашылық қабілеттерін көрсетудің және құстар әлемімен жақынырақ танысудың тамаша тәсілі. Бұл көрмеге Қызылорда, Алматы, Талғар және Павлодар қалаларындағы 100-ден астам мектептің оқушылары қатысты.

 

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастыруға және өткізуге «Биология» кафедрасының оқытушылары К.И. Батырова, А.Б.Ахметова, А.Д. Майматева атсалысты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу