қазақша · русский · english
 
 
 
10.10.2016

 

7 қазан 2016 жылы анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі қафедрасының доценттері К.И.Батырова, Б.К.Есимов, проф. М.Б.Жақсыбаев ұйымдастыруымен және кафедраның басқада қызметкерлерінің белсенді атсалысуымен Бүкіл әлемдік жануарларды қорғау күніне арналған Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар Алматы хайуанаттар бағының базасында өткізілді. Семинарға Институт директорының орынбасары Н.Т.Манапов, биологиялық алуантүрлілікті сақтау бойынша Қазақстан ассоциациясы, ҚР БжҒМ зоология институтының қызметкерлері, Республика жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттер қатыстырылды.
Семинарда шет елдерден келетін жануарлар мен тауарлардың биологиялық қауіпсіздігінің өзекті мәселелері (проф.Г.Д. Ильгекбаева), Алматы қаласының территориясында қанғыбас иттердің таралуын шектеу ( магистр Е.В.Матвеева), «Көлсай көлдері МҰТБ -тың биологиялық алуантүрлілігін сақтау бойынша (ж.ғ.қ П.А.Есенбекова) және т.б. көтерілді.
Әсіресе, МКҚМ «Алматы хайуанаттар бағы» директоры К.С.Каримовтың «Жануарлардың сирек түрлерін сақтау ісінднгі хайуанаттар бағының рөлі» тақырыбындағы баяндамасын ерекше атап өтуге болады.

                                




Кері оралу