қазақша · русский · english
 
 
 
14.06.2021

Жаратылыстану және география институтының «Химия» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттерінің оқу-далалық тәжірибесінің қорытынды конференциясы

 

2021 жылдың 11 маусымында Жаратылыстану және география институтында «6В01510 - Химия», «6В01511-Химия», «6В01512-Химия - биология», «6В05301-Химия» мамандықтарының 1-2 курс студенттеріне арналған онлайн-конференция өтті.

 

Конференцияға институттың «Мансапты дамыту орталығы» бөлімінің басшысы Сәуле Джамилова, бөлім менеджерлері, тәжірибе жетекшілері, студенттер қатысты. Қорытынды конференция онлайн режимде өтті. Студенттер презентациялар, бейнероликтер түрінде есеп берді. Тәжірибе барысындағы қиындықтар туралы әсерлерімен және әдеттегі режимде өткізу туралы тілектерімен бөлісті. Тәжірибе жетекшілері есепке қатысты сұрақтар қойды. Жалпы тәжірибе жақсы деңгейде өтті.

 

   

 

 

   




Кері оралу