қазақша · русский · english
 
 
 
06.10.2021

Құрметті конкурсқа қатысушылар!


2021 жылғы 4 қазанда Жануарларды қорғау күніне арналған (WORLD ANIMAL DAY) республикалық интеллектуалдық конкурс аяқталды. Конкурс нәтижелерін шығару ағымдағы жылдың 10 қазанында өтеді.


Конкурсқа республиканың 10 аймағынан 65 мектептің оқушылары, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ, Павлодар, Қызылорда, Атырау және Қазақстан Республикасының басқа да қалаларының жоғары оқу орындарының 1 курс студенттерінен тұратын 1123 қатысушы қатысты.

Ұрпақтар сабақтастығын ерекше атап өту керек: мұғалімдері (Бугенов Н., Физлова З. және басқа да оқытушылар) біздің түлектеріміз болып табылатын оқушылардың қатысуы.


Конкурс қатысушыларына алғысымызды білдіреміз.


Ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының доценттері Батырова К.И.,Бекенова Н.А., аға оқытушы Шыныбекова Ш.С., Алматы хайуанаттар бағын дамыту және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Рахимова А.Р.

 

   




Кері оралу