қазақша · русский · english
 
 
 
18.10.2021

А.Б.Бектұров атындағы ҒЗИ зертханаларына онлайн-экскурсия

 

2021 жылдың 16 қазанында Жаратылыстану және география институтының Мансапты дамыту бөлімі «Химия» мамандығының докторанттарымен бірге ғылыми зерттеу практикасы аясында А.Б.Бектұров атындағы ғылыми-зерттеу институтында «Синтетикалық және табиғи дәрілік заттар химиясы» және «Полимерлер физиохимиясы мен синтезі» зертханаларында онлайн-экскурсия ұйымдастырылды. Онлайн-экскурсияға институттың профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.

 

«Химия (ғылыми)» мамандығының докторанттары Юлия Ким және Хуангуль Химерсен ғылыми зерттеу практикасы кезінде микротолқынды реактормен және спектрофотометрмен зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістерімен және А.Б.Бектұров атындағы ғылыми зерттеу институтындағы зертханаларында қолданатын физика-химиялық құрылғылармен таныстырып өтті.

 

Онлайн-экскурсия барысында қатысушылар спикерлерден ғылыми зерттеу институтындағы зертханалар туралы өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алып және өз ойларымен бөлісті.

 

Онлайн-экскурсия жоғары деңгейде өтті, қатысушылар осындай экскурсиялар білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, танымдық құзіретін арттыратынын және осындай іс-шаралардың мүмкіндігінше жиі өткізіліп тұруы туралы тілектерін білдіре отырып, алғыстарын жеткізді.

 

   

 




Кері оралу