қазақша · русский · english
 
 
 
26.10.2021

«Талапкер - 2022» Ашық есік күні

 

2021 жылдың 22 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтында Талдықорған қаласының Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтын Білім беру орталығынан таңдау пәндері «Химия» және «Биология» таңдаған бітіруші түлектерге Ашық есік күні өтті. Ұйымдастырушылар - Маркетинг бөлімінің жауапты тұлғалары Ерлан Бірталаев, Жанар Жақсибаева.

 

Оқушылар білім орнының материалдық-техникалық жағдайымен танысып, мамандандырылған дәрісханалар мен зертханаларға экскурсия жасады. Кездесу барысында оқушыларға оқылатын мамандықтың қыр-сыры жайлы пікірлесті, келешекте жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттар берілді.

 

«Химия» БББ тобының оқытушыcы, PhD докторант Қанат Садықов оқушыларға ғылыми-зерттеу зертханасының қызметі туралы түсіндіріп, химиялық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерімен (газ сұйықтықты хроматограф, спектрофотометр, pH-метр, аналитикалық таразы, термостат, кептіру шкафтары, муфель пештері т.б.) таныстырды.

 

«Биология» БББ тобының аға оқытушылары Эльмира Қауынбаева, Динара Аманбекова бітіруші түлектерге «Ботаника» және «Зоология» пәндері бойынша далалық оқу практикасын өту кезінде жиналған материалдарды: жәндіктердің коллекцияларын, өсімдіктердің гербарийлерін көрсетті.

 

Кездесу соңында оқушылар болашақ мамандық таңдауда көкейлерінде жүрген көп сауалдарына жауап алып, ризашылықтарын білдірді.

 

    alt=    

 

    alt=    

 

   




Кері оралу