қазақша · русский · english
 
 
 
01.11.2021

Докторанттардың республикалық шеберлік апталығы мәресіне жетті

 

2021 жылдың 25-29 қазаны аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты «Жаратылыстану ғылымдары және пәндері: озық тәжірибелер мен технологияларға негізделген зерттеулер» докторанттардың республикалық шеберлік апталығын өтті.

 

Апталыққа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанттарымен қатар, шетелдік университеттерде: Қытай ғылым академиясына қарасты Шыңжаң экология және география институтында және Кемерово мемлекеттік университетінде (Ресей) білім алатын ұлты қазақ докторанттар да белсене қатысты. «Ғылымды танып-білуде ережеден мысал пайдалырақ» демекші, шеберлік апталығының дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері өткен «Ғылыми зерттеулерге жаңа көзқарас» тақырыбындағы вебинарларда докторанттар Жаратылыстану ғылымдарындағы озық әдістер мен технологияларды және тәжирибелерді пайдалануды өз зерттеу мысалдарында баяндап, шеберліктерін көрсетті. Докторанттардың шеберлік апталығының жабылу салтанатында «Үздік спикер», «Үздік пост» және «Үздік мақала» конкурстарының жеңімпаздары жарияланды:

 

«Үздік спикер» конкурсы:

І-орын. Арыстанов Әсет Әмірханұлы - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «8D07302-Геоинформатика» мамандығының 1-курс докторанты.

ІІ-орын. Сәлімжанов Нұрсұлтан Өмірханұлы - Абай атындағы ҚазҰПУ, «8D01515-География» мамандығының 2-курс докторанты.

ІІІ-орын. Айдарханұлы Серікхан - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «8D05105-Биотехнология» мамандығының 1-курс докторанты.

 

«Үздік пост» конкурсы:

І-орын. Исаков Ерлан Дүйсенбекұлы - Абай атындағы ҚазҰПУ, «8D01515-География» мамандығының 2-курс докторанты.

ІІ-орын. Абикбаев Ержан Рахымкелдіұлы - Абай атындағы ҚазҰПУ, «8D01515-География» мамандығының 2-курс докторанты.

ІІІ-орын. Бәкіров Серік Бәкірұлы - Абай атындағы ҚазҰПУ, «8D05101-Биология» мамандығының 3-курс докторанты.

 

«Үздік мақала» конкурсы:

І-орын. Сманов Жасұлан Маратұлы - Қытай ғылым академиясына қарасты Шыңжаң экология және география институтының «география» мамандығының 3-курс докторанты.

ІІ-орын. Мырзалы Назира Бердіғұлқызы - Абай атындағы ҚазҰПУ, «8D01515-География» мамандығының 2-курс докторанты.

ІІІ-орын. Шыңғысбаева Шынар Қалқаманқызы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D05211-Іздеу географиясы және геоақпараттық жүйелер»» мамандығының 3-курс докторанттары.

 

Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен (І-орын - 100 мың теңге; ІІ-орын - 50 мың теңге; ІІІ-орын - 30 мың теңге) марапатталды. Сонымен қатар, конкурстарға белсене қатысқан докторанттарға алғыс хаттар табыс етілді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу