қазақша · русский · english
 
 
 
01.11.2021

Магистратура және PhD докторантураға қабылдау туралы семинар

 

2021 жылдың 28 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «Маркетинг» бөлімімен орта мектеп мұғалімдері мен жас мамандарын магистратура мен докторантураға тарту мақсатында кәсіптік бағдар беру іс-шарасы ұйымдастырылды.

 

Спикерлер: Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Қаймулдинова, Маркетинг бөлімінің жауапты тұлғалары Ерлан Бірталаев және Жанар Жақсибаева, білім беру бағдарламаларын әзірлеу бөлімінің жауапты тұлғасы Жанар Қорғанбаева.

 

Семинарға Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Талғар ауданы орта мектептерінің 115-тен астам мұғалімдері мен жас мамандары қатысты.

 

Спикерлер 2021/2022 оқу жылына арналған ҚазҰПУ-дың мамандықтары бойынша магистратура мен PhD докторантураға қосымша бөлінген гранттар туралы кеңейтілген ақпаратты ұсынды, конкурстың шарттары мен ережелері туралы айтып берді.

 

Педагогтар мен жастар үлкен қызығушылық танытып, семинар тақырыбын талқылауға белсенді қатысты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу