қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2021

Жануарларды қорғау күніне орай «Күзгі жаңғақ жинау акциясы» өтті


2021 жылғы 8 қарашада Жаратылыстану және география институтының Биология білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар (доцент Батырова К.И.; аға оқытушылар: Аманбекова Д.М., Кауынбаева Э., Абдикаримова Г.А., Байжигитов Д.К.) құрамының ұйымдастыруымен Жануарларды қорғау күніне орай 2-ші курс «6В01513-Биология» мамандықтарының студенттері «Күзгі жаңғақ жинау акциясы» тақырыбында іс-шара өткізді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Алматы хайуанаттар бағы арасында жасалған келісім шарт (15.01.2019) негізінде әр студент ерікті түрде бес килограмнан емен жаңғағын жинап, Алматы хайуанаттар бағына 1 тоннадан астам емен жаңғағын өткізді. Біздің осы іс-шараға атсалысқан студенттерге алғысымыз шексіз.

 

Бұл іс-шарамыздың мақсаты - студенттерді жануарларды қорғауға, оларға қамқорлық көрсетуге және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу болып табылады.

 

   




Кері оралу