қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2021

Мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмысына баулу мен

зерттеушілік қабілетін дамыту жолдары

 

2021 жылдың 12 қарашасында Жаратылыстану және география институтында Мансапты дамыту бөлімімен Алматы облысы Жамбыл және Балқаш аудандарының жалпы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне арналған оқушыларды ғылыми-зерттеу жобаларына, әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындау бойынша онлайн-семинар өткізілді.

 

Семинар спикерлері - профессор Римма Ізбасарова, доцент Сұлтанбек Қасенов, аға оқытушы Нұрсұлу Жүсіпбекова.

 

Іс-шараға институт директоры Күләш Каймулдинова, институт директорлары, мектептің меңгерушілері, мұғалімдері, Мансап дамыту бөлімінің қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

Аталған шара институт директоры Күләш Каймулдинованың құттықтау сөзімен басталды. Қатысқан қонақтарға алғыс білдіре отырып, қазіргі уақытта университет мектептердің ЖОО-мен байланысына үлкен көңіл бөлетінін айтты.

 

Спикерлер презентациялар түрінде жобаларға, олимпиадаларға қалай дайындалу керектігі туралы ақпараттарымен бөлісті. Олимпиадаларда кездесетін тапсырмалардың мысалдарын көрсетті, қандай тақырыптар бойынша жобаларды жасауға болатындығына кеңестерін берді.

 

Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына пайдалы, қажетті ақпарат алды.

 

Онлайн-семинар соңында мұғалімдер оқытушылармен осындай іс-шараларды мүмкіндігінше жиі өткізу туралы тілектерін білдірді.

 

   




Кері оралу