қазақша · русский · english
 
 
 
22.11.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетіне іс-сапары

 

2021 жылдың 8-13 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы) арасындағы ғылыми және білім беру ынтымақтастығы аясында Жаратылыстану және география институтының профессоры Бахадурхан Әбдіманапов қызметтік іс-сапарда болды.


Гродно мемлекеттік университетіне бару аясында шақырылған профессор бағдарлама бойынша педагогикалық факультет студенттеріне «Қазақстандық орта және жоғары білім беруді жаңғырту» тақырыбында бірқатар дәрістер оқыды, ғылыми ізденістер мен педагогикалық процесті әдістемелік сүйемелдеу бойынша мастер-класстар мен консультациялар өткізілді. Университет, факультет және жаратылыстану пәндері кафедрасының басшылығымен кездесу барысында университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру туралы мәселелер қаралды.

 

   

 

   




Кері оралу