қазақша · русский · english
 
 
 
24.11.2021

Оразкүл Асанғазымен онлайн сұхбат студенттерге үлкен әсер қалдырды

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтының студенттермен жұмыс бөлімінің жетекшісі Ляззат Демеуова және институттың студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастырумен, Қоғам және мемлекет қайраткері, экс-депутат, «Құрмет және Парасат» ордендерінің иегері, тіл жанашыры, оқу ісінің үздігі Оразкүл Асанғазымен «Ел болам десең, бесігіңді түзе» онлайн сұқбат өткізілді.

 

Іс-шара Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинованың құттықтау сөзімен басталды. Кездесуде Оразкүл Асанғазы қыз тәрбиесі туралы, отбасы мен мансапты қалай қатар алып жүру керектігін және ұлттық тіл туралы ойларымен бөлісе отырып, жастармен әңгімесін өрбітті. Студенттер кездесу барысында өздерін қызықтырған сұрақтарына мардымды жауаптарын алды. Кездесуге қатысқан студенттер керемет әсерде қалды.

 

   

 

   




Кері оралу