қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2021

Жаратылыстану және география институтының педагогикалық мамандықтарының 4 курс студенттерінің 1 семестрінің педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы

 

Жаратылыстану және география институтында 2021 жылдың 11 желтоқсанында педагогикалық мамандықтардың 4 курс студенттерінің қорытынды педагогикалық конференциясы өтті. Конференцияны институттың мансапты дамыту бөлімі ұйымдастырды.

 

Конференцияға институт директоры Күләш Каймулдинова, университеттің мансапты дамыту орталығының қызметкері Ақбота Мақұлбек, институттың мансапты дамыту бөлімінің қызметкерлері, практика жетекшілері, практика педагогтары мен психологтары, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.

 

Конференция қатысушыларына институт директоры Күләш Каймулдинова құттықтау сөз сөйледі. Ол студенттерді 1 семестр практикасының аяқталуымен құттықтап, келесі семестрде шығармашылық қабілеттерінің дамуына тілегін білдіре отырып, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жақсы маман иесі болатындарына сенім білдірді. Мансапты дамыту орталығының қызметкері Ақбота Мақұлбек студенттерге іс-шараға қатысқандарына алғыс білдірді.

 

Студенттер өз есептерін презентация түрінде ұсынды. Олар профессор-оқытушылар құрамы, мансапты дамыту бөлімінің қызметкерлері және әдіскерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Конференция жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   




Кері оралу