қазақша · русский · english
 
 
 
03.02.2017

2017 жылы 1 ақпанда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтында №1 оқу ғимаратының 422 дәріс залында сағат 11:00-де Қазакстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында институттың профессор-оқытушылары, магистранттары және студенттері арасында жаппай талқылау жиыны өткізілді. 

Институт директоры К.Д.Каймулдинова Жолдауға байланысты ақпараттарды айта келіп, баяндамашы доцент Т.О. Увалиевке сөз берді. Экология мамандығының 2 курс студенті Ділдәбек Дидарбек білімгерлердің атынан сөзжарысқа шығып, Жолдауға байланысты ойларын ортаға салды.
Акция кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдау сөздері жаңғырып тұрды.

 

 




Кері оралу