қазақша · русский · english
 
 
 
07.02.2022

«Мамандығым-мақтанышым» кездесуі

 

2022 жылдың 4 ақпанында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында онлайн сұхбат-кездесу өтті.

 

Кездесуге Жаратылыстану және география институтының профессорлары: п.ғ.д. Шоқыбаев Жеңіс, г.ғ.д. Абдиманапов Бахадурхан және Маркетинг бөлімінің жауапты тұлғалары: Бірталаев Ерлан, Жақсибаева Жанар қатысты.

 

Ұйымдастырушы: Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 1 курс магистранты, химия пәнінің мұғалімі Жамбыл Айсұлу.

 

Кездесудің мақсаты - бітіруші түлектерге заман талабына сай қажетті мамандықтарды таңдауға кәсіби бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуге көмек беру.

 

Кездесу барысында профессорлар Шоқыбаев Жеңіс, Абдиманапов Бахадурхан өз жетістіктерімен бөлісіп, кәсіби еңбектерінің өмір жолдары туралы әңгімелерін айтып, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындырып, өз мамандықтарының қыр-сырын ашты. Аға буын өкілдері өскелең ұрпақты дұрыс мамандық таңдауға шақырды. Жастар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдау керек, себебі болашағың мамандығыңа тікелей байланысты деді. Мектеп бітірушілерге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

 

Кездесуде Маркетинг бөлімінің жауапты тұлғалары Бірталаев Ерлан, Жақсибаева Жанар университеттің мамандықтары туралы ақпараттар беріп, жоғары оқу орнына құжаттар өткізу ережелерін түсіндірді, сқрақтарға жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

       

 

   




Кері оралу