қазақша · русский · english
 
 
 
10.02.2022

М.Мақатаевтың «Әр өлеңі-бір әлем» поэзия кеші

 

2022 жылдың 9 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты «6В01510-Химия» мамандығының 1курс 2 топ студенттері мен топтың тәрбие жетекшісі, аға оқытушы Арайлым Өтемісованың ұйымдастыруымен, зум платформасында «Әр өлеңі-бір әлем» тақырыбында поэзия кеші өтті.

 

Кештің мақсаты - ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

 

Шараның құттықтау сөзімен институттың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов ашып, студенттерге жылы лебізін білдірді. Кеш қонағы профессоры Жеңіс Шоқыбаев та қосылып, өз замандасы әрі жерлесі Мұқағали Мақатаев жайлы құнды мәліметтер айтып, студенттерге ерекше алғысын білдірді. Кешімізді жоғары деңгейде жүргізген топ студенттері Бағлан Жақсылық және Альбина Жукебаева болды. Сонымен қатар, басқа да топ студенттері жан-жақты өз өнерлерін көрсетіп, әсем әндерін шырқап, көркем арнауларын оқып, поэзия әлеміне сыр шертті.Тәрбие сағатында Мұқағали Мақатаев туралы видео-роликтер көрсетіліп, студенттер де өз пікірімен бөлісті. Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған поэзия кеші өте жоғары дәрежеде өтіп, барлық студенттер поэзия әлеміндегі Мұқағали бейнесінің үлкен маңызын түсінді.

 

   

 

   




Кері оралу