қазақша · русский · english
 
 
 
17.02.2017

2017 жылы 16 ақпанда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтында №1 оқу ғимаратының 622 дәріс залында сағат 14:00-де елтану және туризм кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Абдикаримова Гаухар Абдихалыккызы және 1 курс география мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен « Спорт сенің серігің, жанға дауа, қолға күш!» атты тақырыпта мерекелік кеш өтті.
Мерекелік кештің шымылдығын институтымыздың директоры, профессор Каймулдинова Күләш Дүйсенбаевна ашты. Кеш барысында әсем ән де, мың бұралған би де, күмбірлеген күй де ойналды. Сонымен қатар, әртүрлі спорттық ойындар ойналды. Атап айтқанда, халқымыздың дәстүрлі ойыны «арқан тартыс», жігіттеріміздің білек күшін байқау мақсатында «қол күресі», «кір тасын көтеру» ойындары ойналып, сыйлықтар табысталды.Универсиадаға байланысты сұрақтар қойылып, студенттеріміз белсене жауап берді. Қорытынды сөзді институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Манапов Н.Т. алып, спорт жарыстарынан жүлделі орындар алған студенттерді салтанатты түрде алғыс хатпен марапаттады.




Кері оралу