қазақша · русский · english
 
 
 
25.02.2022

Жазушы Ә.Нұрпейісовті еске алу кеші

 

Жаратылыстану-география институтының «Туризм» мамандығының студенттері және эдвайзер, аға оқытушы А.Алдашева жақында өмірден өткен Қазақстан Республикасының танымал қоғам қайраткері, ұлы жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовті еске алуға арналған тәрбие сағатын өткізді.

 

Іс-шара барысында КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Нұрпейісовтің әлемнің көптеген тілдеріне аударылған шығармалары, атап айтқанда, оның әйгілі «Қан мен тер» романы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтылды. Тәрбие сағатында институт директоры К.Д.Каймулдинова, Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің жетекші маманы А.К. Құрманғали, институт директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н. Т. Манапов, «География, қоршаған орта және қызметтер» ҚБ басшысы Д. Т. Алиасқаров сөз сөйледі.

 

   

 

   




Кері оралу