қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2022

Мектеп оқушылары ғылыммен шұғылдануда

 

2022 жылдың 12 сәуірінде ғылым қызметкерлерінің мерекесіне орай, оқушыларды ғылымға тарту мақсатында жаратылыстану және география институты «География, қоршаған орта және қызмет көрсету салалары» ББ профессор-оқытушылар құрамының Алматы қ. №58 мектеп-гимназиясының қызметкерлері мен оқушыларымен «Білім негізі-ғылымда» тақырыбында кездесу өткізді.

 

«География» оқулықтарының авторлары Каймулдинова К.Д., Абильмажинова С., Әбдіманапов Б.Ш., Әбілғазиев А.У. кездесуге келіп, оқушыларды оқулықтарды жазу құпиясымен таныстырды.

 

№ 58 мектеп-гимназиясының оқытушылары университеттен арнайы келген әдіскерлер С.Қасенова, К. Мұздыбаева, Н.Шәкіроваға өз ризашылықтарын білдірді.


Жоғары деңгейде ұйымдастырылған кездесуді оқытушылар С.К.Қасенов, Н.Д.Шакирова, К.С.Садыкова өткізді.

 

   




Кері оралу