қазақша · русский · english
 
 
 
07.03.2017

2017 жылдың 7 наурыз күні сағат 10:00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай институттың профессор-оқытушылары мен студент қыздарын құттықтау мақсатында институт директораты мен жігіттерінің ұйымдастыруымен акция өтті.
Шара барысының шымылдығын институт директоры, профессор Каймулдинова Күләш Дүйсенбаевна сөз кезегін алып, ұстаздарымызды, студенттеріміз бен магистранттарымызды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Содан соң медицина ғылымдарының докторы, анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының профессоры Балғынбеков Шамшидин Абдуллаұлы институт оқытушылары мен қыздарды мерекемен құттықтап, тамаша тілегін білдірді. Елтану және туризм кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандитаты Карбаева Шолпан Шайкеновна сөз кезегін алып, құттықтау сөзін айтты. Акция барысында институт директораты мен жігіттерінің арнайы дайындаған сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар, жігіттер гитарада ойнап, ән салып, өнерлерін көрсетіп тілектерін жолдады. Институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы қорытынды сөзді алып, қыз-келіншектер мен студенттерді мерекемен шын жүректен құттықтап, жүрек жарды сөзін арнады.

 




Кері оралу