қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2022

«Химия ғажайыптары» химия кеші

 

2022 жылдың 12 сәуірінде Ғылым қызметкерлер күні және КСРО Ғылым Академиясының академигі Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай №108 ЖББМ-де «6В01512-Химия-Биология» мамандығының 3 курс студенттері Түгелбек Абил, Айгерім Балибаева, Асхат Садыков, Сымбат Сапина, Айгерім Сисенбаева, Ақбота Төленді, Дильназ Уласанованың ұйымдастыруларымен химия кеші өткізілді. Сонымен қатар академик Несіпхан Бектеновтың қатысуымен жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кешке 8-10 сынып оқушылары, мектеп ұжымы, Жаратылыстану және география институтының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов қатысты.

 

Кеште практиканттар «Жас химиктер» газетін шығарып, оқушылармен бірге тәжірибелер жасап, ойындар ойнатты. Көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері-мектеп оқушылары би билеп, ән шырқады және кеш соңында қатысушылар естелік суреттерге түсті.

 

   

 

   




Кері оралу