қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2022

Абай университетінің студенттері ҚР ЖОО студенттері арасындағы XIV Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары

 

2022 жылдың 27-28 сәуір күндері «6В015-Химия» білім беру бағдарламалары тобы бойынша ҚР ЖОО студенттері арасындағы XIV Республикалық пәндік олимпиада Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті базасында өтті. Олимпиадаға химия пәнінен 14 команда қатысты.

 

Олимпиаданың ашылу салтанатында педагогикалық институты директоры Бексеитова Ақбота жоғары нәтижелер мен табыс тілеп сөз сөйледі.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Химия» мамандығы бойынша қатысқан командасы: жетекшісі, доцент Мейірманова Айманкүл, 4 курс студенттері Әбдіғапбарова Гүлназ және Елемес Динара.

 

Химия пәнінен Олимпиада екі турдан тұрды: I - күрделілігі жоғары дәрежедегі есептеу есептерін шешу; II-педагогика, психология, химияны оқыту әдістемесі курстары бойынша тест тапсырмалары.

 

Екі турдың қорытындысы бойынша біздің студенттер Әбдіғапбарова Гүлназ және Елемес Динара командалық біріншілікте жүлделі екінші орынға ие болып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Әбдіғапбарова Гүлназ жеке біріншілікте III дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

XIV Республикалық студенттік олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтаймыз. Бұл жоғары нәтиже - ҚазҰПУ жаратылыстану және география институтының жоғары білікті педагогикалық кадрлар даярлауының айғағы.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу