қазақша · русский · english
 
 
 
01.06.2022

А.Б. Бектуров атындағы Химия ғылымдары институтында өткізілген оқу практикасы

 

2022 жылдың 31 мамыр күні Жаратылыстану және география институтының «Химия» ББ тобының «6В05301-Химия» мамандығының 2, 3 курс студенттерінің оқу практикасында А.Б.Бектуров атындағы Химия ғылымдары институтының лабораторияларында жасалынып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.

 

Оқу практикасы студенттердің университет қабырғасынан алған білімдерін тереңдетіп, практика жүзінде қолдана білуге үйрету және болашақ ғылыми қызметкер ретінде зертханадағы жұмыстарға ынталандыру, білім алушылардың ой-өрісін кеңейту мақсатында жүргізілді.

 

Институттың техникалық қауіпсіздікке жауапты маманы Ерлан Джахметов студенттерді қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Экскурсия басында Химия ғылымдары институтының тарихы айтылды. «Полимерлер синтезі және физикалық химиясы», «Синтетикалық және табиғи дәрілік заттар» және басқа да лаборатория қызметкерлері өздерінің бағыттарын таныстырып, жүргізіліп жатқан жұмыс барысын түсіндірді.

 

Оқу практикасы барысында әр студент жеке лабораторияларға бөлініп, институттағы ғылыми қызметкерлердің көмегімен әртүрлі жұмыстардың жасалу жолымен танысты. Студенттер өз қызығушылықтарын көрсетіп, болашақта ғылыммен айналысуға деген құлшыныстарын, ойларын білдірді.

 

Өндірістік практиканың бірінші күнінен студенттердің өз мамандықтарына деген қызығушылықтары артып, Қазақстан ғылымына өз үлестерін қосуға деген ынтасы арта түскеніне сенімдіміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу