қазақша · русский · english
 
 
 
11.10.2022

«Ұстазыңды ұлықта, сыйлауды әркез ұмытпа» іс-шарасы

 

2022 жылдың 7 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай «Ұстазыңды ұлықта, сыйлауды әркез ұмытпа» мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік іс - шара Абай атындағы ҚазҰПУ-нің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Нұрланов Шыңғыс құттықтау сөзімен ашылды. Кештің құрметті қонақтарының ішінде Тарих және құқық институтының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі директордың орынбасары Нұрлан Манапов болып, өзінің жылы тілектерін айта өтті.

 

Мерекелік кеш өте қызықты, жоғары деңгейде өтті. Нақтырақ тоқтала кететін болсақ, 1 курс студентінің қара домбырасының күйінен басталып, әрі қарай 1 курстың өнерлі ер балаларының көңілді биімен жалғасты. Сонымен қатар, Жаратылыстану және география институтының студенттері ұлағатты ұстаздарға видео құттықтау арнады. Кеші институттың өнерлі студенті Рүстемұлы Саматтың әуенді әнімен жалғасты. Кеш соңында студенттердің «Ұстазым» атты хоры орындалып, Жаратылыстану және география институтының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі директордың орынбасары Бакирова Серік ізгі тілегімен аяқталды. Кештің құрметті қонақтарына және атсалысқан институттың студенттеріне алғыс білдіреміз!

 

  alt=  




Кері оралу