қазақша · русский · english
 
 
 
13.10.2022

«Қазақ санасының шамшырағы» тәрбие сағаты

 

2022 жылғы 12 қазанда Жаратылыстану және география институты «6В11101-Туризм» мамандығының 3,4 курс студенттері және эдвайзері Алдашева Ардақ Ахмет-Ганиевнаның ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Қазақ санасының шамшырағы» тәрбие сағаты өткізілді.


Кеш барысында Ахмет бабамыздың түркітанушы, әдебиет зерттеушісі, публицист, аудармашы сияқты көпсалалы шығармалығы, жүріп өткен жолы, еңбектері мен қалдырып кеткен асыл мұралары студенттерге тереңдетіліп таныстырылды. Іс-шараға институттың талантты студенттері ортаға шығып, қазақтың қара домбырасымен күй шертіп, өлең айтты.


Тәрбие сағаты соңында Жаратылыстану және география институтының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі директор орынбасары Серік Бакиров, Тарих және құқық институның тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі директор орынбасары Нұрлан Манапов және қауымдастырылған профессор Қайрат Омаров сөз сөйледі. Бірауыздан біздің азаматтық борышымыз - Қазақстанның тәуелсіздігін жақтаған белгілі «Алаш» қозғалысының негізін қалаушылардың бірінің мұрасын сақтау және болашақ ұрпаққа беру екенін айтып, пікірлерін білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  

 




Кері оралу