қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2017


29.03.2017 жылы «Білім беру мекемелерінде аддиктивті жүріс-тұрысты алдын алу: жағдайы, мәселелері, келешегі» V i-конференциясы ұйымдастырылды.

 

  Конференция жұмысына білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту саласының жетекші мамандары, білім беру саласы қызметкерлері, РФ Білім және ғылым мемлекеттік комитеті жанындағы денсаулық сұрақтары мен физикалық тәрбие сарапшы кеңесінің мүшелері, Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Латвия, Литва қоғамының өкілдері. Қазақстаннан бұл конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының ұжымы қатысты.

V i-КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМАСТЫРУШЫЛАРЫ:
1. РФ мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитеті жанындағы денсаулық сұрақтары мен физикалық тәрбие сарапшы кеңесі
2. Ресей Федерациясының Білім және Ғылым министрлігі «Білім беруді дамыту Федералды институты»
i-конференция РФ мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің қолдауымен өтті.

 

 V i-конференциның қатысушыларына сәлем сөзбен пед.ғ.д., профессор, Ресей білім беру Академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Федерациясының Білім және Ғылым министірлігі «Білім беруді дамыту Федералды институты» Мәскеу қаласындағы кеңесшісі, РФ мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің сарапшы кеңесінің төрағасы, РФ еңбек сіңірген мұғалімі Харисов Фарис Фахразович ортаға шықты.
Мед.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының жетекшісі Балгимбеков Шамшидин Абдуллаевич баяндама оқыды.
Тақырыбы: «Абай атындағы ҚазҰПУ жастарының аддиктивті жүріс-тұрыстарын алдын алудағы тәжірибе»
Абай атындағы ҚазҰПУ анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының магистранты Ж.М. Жарылкасынова «Жоо студенттерінің аддиктивті жүріс-тұрыстарындағы қозғалыс белсенділігі мен оның мәні» тақырыбында баяндама оқыды.
i-конференция қатысушылары көптеген сұрақтардың шешу жолдарын талқылады. Соның ішінде денсаулықты және мінез-құлықты сақтау, дамыту және қалыптастыру, аддикцияны алдын алу саласындағы мемелекет саясаты. Қазіргі таңда аддиктивті мінез-құлық мәселесі наркомания, суицид және де басқа да аддикция түрлерінен көрініс табады.

 

i-конференция қатысушларының шешімдері:
1) рухани-адамгершілік, физикалық денсаулықты қалыптастыру және түрлі аддикцияны алдын алудың авторлық білім беру бағдарламаларын білім беру мекмелерінде қолдануға жағдай жасау
2) Федерация субъекттерінде, үлкен қалаларда денсаулықты сақтау және аддикцияны қолға алу саласындағы білім беру технологияларының сараптама жүйесін қалыптастыру.
3) білім беру бағдарламаларына қосымша кәсіби білім беру жүйесінің келесі модульдерін қосу: бала организімін дамыту, (жасаралық физиология және психофизиология); білім беру мекемелерінде санитарлы-гигиеналық талаптар; денсаулықты сақтаудың бастапқы медициналық білімі (медицина ғылымының негізі); білім беру саласындағы денсаулық сақтау педагогикасы және денсаулық сақтау технологиялары; білім беру саласындағы алғашқы көмек; психо-әлеуметтік аддикцияның қалыптасу қаупі және алдын алу.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасынан:
1.Балгимбеков Шамшидин Абдуллаевич, мед.ғ.д., профессор. Кафедра меңгерушісі.
2.Кунакбаев Амантай Сарсенович, мед.ғ.к., профессор.
3.Татаринова Галия Шаукенбаевна, биол.ғ.к., доцент.
4.Шыныбекова Шолпан Сахановна биол.ғ.к., аға оқытушы.
5.Кулжанова Дина Куанышовна биол.ғ.к.,аға оқытушы
6.Отарова Назгул Илиясовна магистр, аға оқытушы
7.Аскарова Айгерим Мирамбековна магистр
4.Жарылкасынова Ж.М., магистрант

 

 




Кері оралу