қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2017

«Елтану және туризм» кафедрасының кәсіби бағдар жұмысы

       Жаратылыстану және география институты «Елтану және туризм» кафедрасы оқытушылары: Алшынбеков С.Қ., Абдикаримова Г.А., Қалдыбекова Р.Е., 1 курс 6М090200 - Туризм мамандығының магистранты Менлібаева Ж.Ғ. 6.04.2017 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас елді мекеніндегі №1 Бақанас орта мектебінде аудандағы бірнеше мектептердің бітіруші түлектермен кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Кездесу барысында жалпы университет туралы, ПОҚ құрамы университеттің материалдық базасы, мамандықтардың түрлері туралы жалпы мағұлыматтар бере отырып Жаратылыстану және география институты «Елтану және туризм» кафедрасына қатысты мамандықтарына тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Университеттің арнайы жасалған ақпараттық мәліметтерін таратты. 1 курс 6М090200 - Туризм мамандығының магистранты Менлібаева Жансая Ғаниқызы өзінің студенттік өмірі жетістіктері, мобильдік бағдарлама бойынша Еуропа елдерінде білім тәжірибесінен өткендігі, Экспедиция-25 жобасына қатысушы ретінде т. б. жетістіктері туралы айта отырып оқушыларды мамандыққа ынталандырды.

 

 

 

 

 




Кері оралу