қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2022

Қысқы сессияға қатысты студенттермен кездесу


2022 жылдың 10 желтоқсанында Жаратылыстану және география институтының деканаты мен Тестілеу орталығының бастығы Даража Исабаева 1-4 курс білім алушыларына қысқы емтихан бойынша түсіндірме жиналысын өткізді. Түсіндіру жұмыстары университетте алғаш рет емтихан тапсыратын бірінші курс студенттері үшін маңызды болды.


Жиналыста Исабаева Даража білім алушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, емтихан барысындағы маңызды мәселелерге тоқталды. Білім алушылардың жұмыстары антиплагит жүйесінде тексерілетіндігі, оның шектік өту мөлшері, сонымен қатар емтиханның әртүрлі форматтары қандай порталдарда өтетіндігі айтылды. Білім алушылар өздеріне керекті көптеген сұрақтарға жауап алды, «Univer» жүйесінің жаңалықтар бөлімінде орналасқан емтихан тапсырудың нұсқаулығын тағыда зер салып түсіну керектігі айтылды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу