қазақша · русский · english
 
 
 
14.12.2022

Жаратылыстану және география институтының магистранттарының тағылымдамасы


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті әріптестік келісім шеңберінде Жаратылыстану және география институтының магистранттары үшін әлемнің үздік шетелдік жоғары оқу орындарының қатарына кіретін Istanbul Gedik University-інде шетелдік ғылыми тағылымдама ұйымдастырды.


Магистранттар оқытудан өтіп, жетекші профессорлардың дәрістерін тыңдады. Дәріс тақырыптары инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім беру, әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану салаларына қатысты болды. Магистранттардың зерттеу жұмыстарының көп бөлігі университеттің денсаулық сақтау, мәдениет және спорт факультетінде жүргізілді.


Магистранттар ғылыми тағылымдама барысында диссертация тақырыбы бойынша материал жинау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Шетелдік сапар Istanbul Gedik University студенттерімен және профессорларымен танысуға және қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ жаңа білім алуға және ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу