қазақша · русский · english
 
 
 
30.12.2022

Өзбекстан жоғары оқу орындары оқытушыларының тағылымдамасы аяқталды


2022 жылдың 28 желтоқсанында Мұқұми атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты мен Термез мемлекеттік университетінің оқытушыларының бір айлық тағылымдамасы аяқталды. Өзбекстаннан келген әріптестер Жаратылыстану және география институтының студенттеріне қонақ дәрістер мен шеберлік сағаттар өткізді. География және экология кафедрасымен бірлесіп, шетелдік ғалымдар «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жаратылыстану-ғылыми білім берудегі халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, сондай-ақ институт оқытушыларымен Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысында бірлескен мақалалар жариялады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу