қазақша · русский · english
 
 
 
17.01.2023

4-ші курс студенттеріне арналған өндірістік практиканың таныстыру конференциясы

 

2023 жылдың 16 қаңтарында Жаратылыстану және география институтының «6B05301-Химия», «6В05101-Биология», «6В05109-Биотехнлогия», «6В05203-География», «6В05202-Экология», «6В011101-Туризм», «6В011103- Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтарының 4 курс және «6В11101-Туризм» мамандығының 3 курс (3 ж.) студенттері үшін өндірістік практикаға арналған конференция өткізілді. Конференцияға 4 курс студенттері, практика жетекшілері, институт директоры К.Д. Каймулдинова қатысты.


Іс-шара барысында К.Д. Каймулдинова бітіруші түлектер үшін практиканың маңыздылығын түсіндіріп, оқуда сәттілік тіледі. Конференцияда Г.С.Камиева қатысушыларға өндірістік практиканың уақытын, кезеңдерін, практиканың қорытынды құжаттарын рәсімдеуді және практиканың жетекшілерімен таныстырды.


Студенттермен практика өту барысындағы өзекті мәселелер талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу