қазақша · русский · english
 
 
 
06.02.2023

«Дала дауысы: жаратылыс құпиясы және Яссауи тағылымы» семинары


2022 жылдың 1 ақпанында Ислам дінінің көрнекті ғұламасы, ақын әрі философ түркі халықтарын бірлікке шақырушы ұлы тұлға - Қожа Ахмет Яссауидың туылғанына 930 жыл толуына орай тәрбиелік мәні мол «Дала дауысы: жаратылыс құпиясы және Яссауи тағылымы» тақырыбында семинар өткізілді.


Іс-шараның мақсаты - Қожа Ахмет Яссауи шығармаларының негізінде білім алушыларымыздың бойында имандылықты, әділдікті, отансүгіштікті қалыптастыру. Семинардың спикері - Жаратылыстану және география институты география және экология кафедрасының профессоры, ҚР журналистер одағының және Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі Қастер Сарқытқан. Семинардың модераторы - Жаратылыстану және география институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Бакиров. Тағылымы мол іс-шараның негізгі қонақтары - Алматы қаласы Қожа Ахмет Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназиясының ұстаздары. Атап айтсақ, ұлттық өнер насихатшысы, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, домбырашы Рахатдин Тәжі және гуманитарлық ғылымдар магистрі, тарихшы Қалдыбек Жанықұл және мектептің өнерлі түлектері болды. Тәрбиелік мәні зор семинар жоғары деңгейде өтіп, білім алушыларымыз өзіне қажетті құнды ақпараттармен сусындады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу