қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2023

Педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция

 

2023 жылдың 22 ақпанында Жаратылыстану-география институтының күндізгі бөлімінің «6В01516-география, тарих», «6В01515-география» мамандығының 3 курс студенттерімен педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өтті.

 

Конференцияда студенттер практика бағдарламасына сай жүргізген жұмыстарының есебін әр мектеп бойынша таныстырылым, бейнероликтер түрінде ұсынып, әрбір сабақта тиімді болған интербелсенді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жүргізуде, ата-аналармен, инклюзив оқушылармен жүргізілген жұмыс түрлерін ұйымдастыруда, мектепішілік ұйымдастырылған іс-шараларда студенттердің жеткен жетістіктері бәсекеге қабілетті маман даярлауда педагогикалық практиканың маңыздылығын көрсетті.

 

Практика жетекшілері Қалдыбекова Р.Е, Иркитбаев С., Алиев М.Д., Жандосова Г.О. студенттердің педагогикалық практика барысындағы кәсіби іс-әрекетін талдап, баға беріп, қорытынды бағасын жариялады.

 

  alt=  




Кері оралу