қазақша · русский · english
 
 
 
06.03.2023

«Мен жастарға сенемін!» тәрбиелік іс-шарасы


2023 жылдың 2 наурызында Жаратылыстану және география институтында «6В05202 - Экология» мамандығының 1-2 курс студенттеріне топ эдвайзерлері: п.ғ.к., доцент Г.М. Сабденалиева және PhD, аға оқытушы И.Қ.Райымбекованың ұйымдастыруымен қазақтың Ұлы ақыны, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келгеніне 130 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін!» тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты - М.Жұмабаевтың өлеңдері арқылы жас ұрпаққа рухани күш беріп, өз қоғамына пайдасы тиер жақсы азамат болып өсуіне және жастарды жақсылыққа жетелеп, ізгі өмірге қанаттандыру болып табылады.

 

Іс-шараға Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Ділдәбек Д.Ж., ЖГИ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бакиров С.Б., кафедраның профессор-оқытушылар құрамынан профессор Джусупова Д.Б., доцент Омаров Қ.М., аға оқытушылар Саванчиева А.С., Қалдыбаева Р.Е., Бейкитова А.Н. және барлық мамандықтар бойынша білім алушылар қатысты. Тәрбиелік іс-шарада топ студенттері Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерінен, «Батыр Баян» поэмасынан үзінділер оқып, кеш сахналық қойылымдармен, ән-бимен көркемделді. Кеш қонақтары тәрбиелік іс-шараға жоғары деңгейде өтті деп баға берді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу