қазақша · русский · english
 
 
 
16.03.2023

Жаратылыстану және география институтының жатақханасында мерекелік шара


2023 жылдың 14 наурызында Жаратылыстану және география институтының №2 жатқханасында «Көрісу - қазынасы Батысымның» мерекелі іс-шара өткізілді. Бұл мереке Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облысында Ресейдің көршілес Астрахан, Саратов, Орынбор өңірлерінде, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) аталып өтеді.

 

Мерекенің мақсаты студенттердің бойында дәстүрімізді жаңғыртып қазақи құндылықтарды қалыптастыру. Іс-шараның қонақтары университетіміздің құрметті доценті, ардагерлер кеңесінің төрағасы ТалғатУвалиев, директордың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Серік Бакиров, Жастар ісі жөніндегі басқарма төрағасы Райымбек Пірәлі, №2 жатақхана коменданты Гульжан Искакова және №1 және №3 жатақхана коменданттары болды.

 

  alt=  




Кері оралу